Меню

Страницы

Статья

Шарттық-құқықтық база

Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап кең ауқымды өзара қарым-қатынастарды қамтитын стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететін берік шарттық-құқықтық база құрылды. Жалпы саны 557-ден астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер мен шарттарға қол қойылды.

Қол қойылған екіжақты маңызды құжаттар: Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникесі (1992 ж. 3 қаңтар, Алматы), Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттама (2002 ж. мамыр); Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт (2002 ж. желтоқсан, Бейжің); Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан–Қытай Ынтымақтастық комитетін құру туралы келісім (2004 ж. мамыр); Стратегиялық әріптестік қатынастарын орнату және дамыту жөніндегі бірлескен декларация (2005 ж. шілде, Астана); Жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі бірлескен декларация (2011 ж. маусым, Астана); Жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету туралы ҚР мен ҚХР бірлескен декларациясы (2013 ж. қыркүйек, Астана); ҚР мен ҚХР мемлекет басшыларының жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен мәлімдемесі (2015 ж. тамыз, Бейжің); Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемеcі (2019 ж. қыркүйек, Бейжің); Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен мәлімдемесі (2023 ж. мамыр, Сиань); ҚР мен ҚХР үкіметтері арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім (2023 ж. мамыр, Сиань), ҚР мен ҚХР үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль қатынастары туралы келісім (2023 ж. мамыр, Сиань); ҚР мен ҚХР Үкіметтері арасындағы мәдени орталықтарды өзара ашу туралы келісім (2023 ж. 27 қараша); ҚР мен ҚХР арасындағы бірлескен мәлімдемесі (2024 ж. 3 шілде, Астана); ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚХР Сыртқы істер министрлігі арасындағы екі елдің сыртқы істер министрлері деңгейіндегі Стратегиялық диалог құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум (2024 ж. 30 наурыз, Бейжің).

Тараптар шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Дата публикации
02 августа 2023
Дата обновления
09 июня 2025
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

14 марта 2025
Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу
14 марта 2025
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу
14 марта 2025
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары