Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты ынтымақтастық

ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫ 

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың басталған күні 1992 жылғы 3 қаңтар болып табылады.

2022 жылғы сәуір айынан бастап ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев.

2018 жылғы тамыздан бастап ҚХР-дың ҚР-дағы Елшісі Чжан Сяо болып табылады. 

ҚХР аумағында Бейжің қаласындағы ҚР Елшілігінен басқа (1992 ж.желтоқсан айынан бастап) АӘА Сянган (Гонконг) (2003 ж. тамыз айынан бастап), Шанхай қаласында (2005 ж. мамыр айынан бастап) және Сиань қаласында (2023 ж. мамыр айынан бастап) ҚР-дың бас консулдықтары, сондай-ақ Үрімші қаласында паспорттық-визалық қызмет (1995 ж. наурыз айынан бастап) жұмыс жасап отыр.

ҚР аумағында ҚХР-дың Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігі (2005 жылғы сәуір айынан бастап) және ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығы (2007 жылғы тамыз айынан бастап) жұмыс жасайды.

Дипломатиялық қатынастар барысындағы басты саяси жетістіктер: Қытайдың қауіпсіздік кепілдігін беруі (ҚХР Үкіметінің 1995 жылғы 8 ақпандағы мәлімдемесіне сәйкес), шекара мәселесін біржола реттеу (1999 жылғы 23 қарашадағы бірлескен коммюнике, 1994 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы ҚР мен ҚХР арасындағы келісім, 2002 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттама және Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режимі туралы ҚР мен ҚХР арасындағы 2006 жылғы 20 желтоқсандағы келісім)

Қол қойылған екіжақты маңызды құжаттар: Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт (2002 ж.желтоқсан, Бейжің қ.); Стратегиялық әріптестік қатынастарын орнату және дамыту жөніндегі біріккен декларация (2005 ж. шілде, Астана қ.); Жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі біріккен декларация (2011 ж. маусым, Астана қ.); Жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету туралы ҚР мен ҚХР біріккен декларациясы (2013 ж. қыркүйек, Астана қ.); ҚР мен ҚХР мемлекет басшыларының жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі туралы біріккен мәлімдемесі (2015 жылғы тамыз, Бейжің қ.);  ҚР мен ҚХР мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі (2017 ж. маусым, Астана қ.); ҚР мен ҚХР бірлескен мәлімдемесі (2018 ж. маусым, Бейжің қ.), ҚР мен ҚХР мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемесі (2019 ж. қыркүйек, Бейжің қ.) және ҚР мен ҚХР бірлескен мәлімдемесі (2023 ж. мамыр, Сиань қ.).

Жоғары деңгейдегі екіжақты қатынастар: 2012-2023 жж. аралығындағы кезеңде ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 19 кездесу өткізді. ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 6 кездесу өткізді.

2012-2023 жылдарда ҚР және ҚХР үкімет басшылары арасында 14 кездесу өтті. ҚР және ҚХР үкімет басшыларының тұрақты кездесулерінің тетігі жұмыс істейді (4 отырыс ұйымдастырылды).

2014-2023 жылдар аралығында ҚР және ҚХР үкімет басшыларының орынбасарлары деңгейінде 22 кездесу өтті. 2021 ж. және 2023 ж. ҚР-ҚХР ынтымақтастық комитетінің (ЫК) 10-отырысы (2021 ж. 26 қараша, БКБ) және 11-отырысы (2023 ж. 27 қараша, Астана қ.), сондай-ақ ҚР-ҚХР өңіраралық ынтымақтастығының 1 және 2 форумдары (2017 ж. 12 қыркүйек, Наньнин қ., ҚХР МЧАР қ. және 2019 ж. 15 мамыр, Алматы қ.) өткізілді.

Парламентаралық қатынастар да екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағытына айналып отыр. Екі мемлекеттің парламенттерінің төрағалары сапарлар кезінде және халықаралық алаңдарда тұрақты түрде кездесіп отырады.

Документы
Баяндама
11 октября 2023
Қазақстан Республикасының Сиань қ. Бас консулдығы
Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR)
Ақпарат
26 сентября 2023
Қазақстан Республикасының Сиань қ. Бас консулдығы
Инвестициялық блок - Қарағанда
Ақпарат
26 сентября 2023
Қазақстан Республикасының Сиань қ. Бас консулдығы
Инвестициялық блок
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
7
Шымкент қаласының туристік әлеуеті
0
Travelstan - 2025
События
19 мая
Президент Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары