
2024 жылғы 25-29 ақпанда Абу-Дабиде (БАӘ) Дүниежүзілік сауда ұйымының (МК-13) 13-ші министрлік конференциясы өтті, оның барысында ҚР-дың Сауда және интеграция министрі Арманов Шаққалиев пен ҚР-дың Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжан бастаған Қазақстан делегациясы әлемдік сауданың негізгі мәселелерін талқылауға белсене қатысты.
Мәселен, МК-13 барысында ДСҰ сауда министрлері әлемдік сауданы дамыту үшін бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.
1. Қазақстанды қоса алғанда, ДСҰ-ға мүше елдердің 126 сауда министрі даму мақсатында Инвестицияларға жәрдемдесу туралы ДСҰ келісімін жасасу жөніндегі келіссөздерді ресми аяқтау туралы бірлескен министрлік декларациясын қабылдады.
Келісімнің негізгі ережелері инвестицияларды ашық және болжамды реттеуді қамтамасыз етуге, инвестицияларға жәрдемдесудің халықаралық стандарттарын енгізуге және осылайша инвесторларға жаңа өндірістерге қаражат салу және қолданыстағы қызметті кеңейту үшін жағдайларды жеңілдетуге арналған. Тұтастай алғанда, ДСҰ-ның аталған Келісімі мүше елдердің жаңа жұмыс орындарын құру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруге капитал тарту, инновацияларды ынталандыру және әсіресе дамушы және аз дамыған елдердің мүдделері үшін кәсіпкерлікті дамыту есебінен жалпы экономикалық өсуіне ықпал ететін болады.
Келісімді қабылдау инвестициялық және іскерлік ахуалды жақсарту жолымен экономиканы әртараптандыру жөніндегі Қазақстанның ұлттық басымдықтарына толық сәйкес келеді. Осылайша, ДСҰ-ның аталған Келісімі тікелей шетелдік инвестицияларды (ТШИ) ұлғайтуға және Президент Қ. Тоқаевтың 2029 жылға дейін кемінде 150 млрд. АҚШ доллар инвестиция тарту жөніндегі алға қойған міндетіне қол жеткізуге оң ықпал ететін болады.
Бұл ретте, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша Қазақстанға ТШИ таза ағыны 4,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86%-ға жоғары.
2. Әлемдік көрсетілетін қызметтер саудасының 92% құрайтын ДСҰ-ға мүше 70-тен астам ел ДСҰ-ның кқрсетілетін қызметтер саудасын ішкі реттеу жөніндегі қағидалардың күшіне енетінін жариялады, бұл да ТШИ тартудың тиімді тетіктерінің бірі болып табылады.
ДСҰ-ның көрсетілетін қызметтер саудасын ішкі реттеу жөніндегі қағидалары рұқсат беру рәсімдерінің ашықтығы мен болжамдылығын және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің лицензиялау және біліктілігін тану рәсімдеріне қойылатын талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл ретте, аталған Қағидалар ДСҰ-ға кіру кезінде Қазақстанның қабылданған міндеттемелеріне толық сәйкес келеді. Осылайша, Қазақстан көрсетілетін қызметтердің 12 негізгі секторында және қызмет көрсету саласының 100-ден астам кіші салаларында міндеттемелер қабылдады.
ҚР-ның ДСҰ-ға кірген сәттен бастап ТШИ жалпы көлемінің 30%-ы Қазақстан экономикасына көрсетілетін қызметтердің негізгі секторларын дамытуға бағытталған. Қызмет көрсету секторының Қазақстанның ЖІӨ-ге қосқан үлесі 53% құрайды. Осылайша, аталған сектор экономиканы әртараптандыру және пандемиядан кейінгі қалпына келтіру үшін маңызды.
3. ДСҰ және Халықаралық сауда орталығы (ХСО) бюджеті 50 млн. АҚШ доллар болатын «Цифрлық экономикадағы экспортер әйелдер» арнайы қорын құру туралы жариялады. Ол бәсекеге қабілеттілікті арттыру және әйелдер басқаратын бизнес үшін жаңа нарықтар ашу үшін цифрлық технологияларды пайдалануға бағытталған. Аталған Қор 2024 жылдың екінші тоқсанында экспортер әйелдерден өтінімдерді қабылдауды ашады.
Өз сөзінде Тұрақты өкіл Ж. Айтжан әйелдер Қазақстан экономикасының дамуы мен әртараптандырылуына баға жетпес үлес қосып, түрлі секторларға, әсіресе білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда және шағын және орта кәсіпкерлік салаларына белсенді қатысып жатқанын атап өтті. Қазақстанда 4,3 миллион жұмыспен қамтылған әйел бар, бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 48% құрайды, оның ішінде әйелдердің 35%-ы қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.
2020 жылы өңірішілік және халықаралық сауданы ынталандыруға бағытталған «Ready4Trade-Central Asia» ХСО жобасын іске асыру басталды. Мұндай пайдалы және әлеуметтік маңызды жоба әйелдер басқаратын шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыруға, олардың онлайн-сауда саласындағы білімдері мен дағдыларын нығайтуға және халықаралық нарықтарға шығаруға бағытталған.
Осыған байланысты Тұрақты өкіл Ж. Айтжан Қазақстанда өңірішілік және халықаралық сауданы ынталандыруға бағытталған «Ready4Trade-Central Asia» ХСО жобасын іске асырылуы туралы хабардар етті. Мұндай пайдалы және әлеуметтік маңызды жоба әйелдер басқаратын шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыруға, олардың онлайн-сауда саласындағы білімдері мен дағдыларын нығайтуға және халықаралық нарықтарға шығаруға бағытталған.
Қазақстандық кәсіпкер әйелдер электрондық коммерция бойынша оқудан өтті, сондай-ақ жеке консультациялар алды. Әсіресе жоба Қазақстанның тоқыма және тігін қолөнершілерін eBay, Alibaba, Etsy, NOVICA және т.б. сияқты түрлі халықаралық сауда алаңдарында ілгерілетеді.
ХСО жобасы Қазақстанның 30 кәсіпорнын нарықтар мен клиенттерді анықтаудан, құндылық ұсынысын әзірлеуден, онлайн-платформаларда тіркеуден, төлемдер мен логистика жеткізушілеріне қосылудан бастап, клиенттерді қолдау мен цифрлық маркетингке дейінгі электрондық коммерция процесін енгізуге үйретуге мүмкіндік берді.