Халықаралық саладағы әйелдердің рөлін нығайту ДСҰ күн тәртібіндегі сауда

Халықаралық саладағы әйелдердің рөлін нығайту  ДСҰ күн тәртібіндегі сауда

Женева, 27 қараша, 2023 - ДСҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігі Қазақстанның әйелдер теңдігін, қауіпсіздігін ілгерілетуге және олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге берік бейілділігін көрсете отырып, әйелдердің саудадағы экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді талқылау мақсатында іс-шара өткізді.

Іс-шараға ДСҰ Бас директоры Нгози Оконжо-Ивеала, ДСҰ Бас директорының орынбасары Анжелла Элард, Германия, Канада, БАӘ, Тайланд, Вьетнам, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Бруней Даруссалам, Чили, Сальвадор, Джибути, Мавритания және Ботсвана сияқты ДСҰ-ға мүше негізгі елдердің Тұрақты өкілдері және ДСҰ департамент басшылары қатысты.

Іс-шара барысында елшілер кәсіпкер әйелдердің халықаралық тетіктерін кеңейтудегі іскерлік мүмкіндіктерін және Қазақстан әйелдерінің елдегі экономикалық құқықтарын нығайту жөніндегі күш-жігерін талқылады.

Атап айтқанда, ҚР Тұрақты өкілі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығымен қабылданған 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын атап өтті. Бұл өз ретінде, ҚР Үкіметі әйелдердің саяси өкілдігін, еңбек нарығына қатысуын, мансаптық саты бойынша ілгерітуын, жұмыс пен отбасы арасындағы теңгерімін табу, негізгі гендерлік олқылықтарды жою және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресу жөнінде шаралар қабылдауды жалғастыратынын растайды.

Сонымен қатар, Қазақстан тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар қоғам құруда, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін құқықтық және Институционалдық база құруда айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Елде 4,3 миллион жұмыс істейтін әйелдер бар, бұл жалпы жұмыспен қамтылғандардың 48% құрайды.

Осыған байланысты Ж.Айтжан әйелдер кәсіпкерлігін қолдау Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Нәтижесінде шағын және орта бизнес иелері мен басшылары арасында әйелдер үлесінің жоғары болуы және олардың жалпы санының 45% құрайтыны айтылды.

Іс-шараға қатысушыларға БҰҰ статистикасына сәйкес Қазақстан 2022 жылы өзінің жалпы рейтингін жақсартып, 146 ел арасындағы жаһандық гендерлік теңсіздік индексінде 80-ші орыннан 65-ші орынға көтерілгені туралы хабарланды.

ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала өз кезегінде ДСҰ-ның тұрақты жаһандық экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында әйелдердің экономикалық құқықтары мен халықаралық саудаға қатысуын кеңейтуге міндеттемесін атап өтті. Осылайша, ДСҰ Хатшылығы бүгінде ДСҰ-ға мүше елдер арасындағы екіжақты және өңірлік сауда келісімдері шеңберінде уағдаластықтарға қол жеткізілген әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін нығайту бойынша үздік тәжірибелерді зерделеу және тарату мақсатында жан-жақты талдау жүргізуде.

Осыған байланысты, ДСҰ басшысы ағымдағы сауда келіссөздерінің нәтижелері бойынша ДСҰ-ның жаңа келісімі шеңберінде оларды еңсеру үшін практикалық ұсынымдар әзірлеу мақсатында әйелдердің халықаралық саудаға қатысуы үшін бар кедергілерді айқындаудың маңыздылығын атап өтті. Негізгі кедергілер ретінде ДСҰ зерттеулері кәсіпкер әйелдердің қаржыландыруға, мемлекеттік сатып алу жүйесіне және өз өнімдері мен қызметтерін өткізу нарықтарына қол жеткізудегі проблемаларын, сондай-ақ маркетингтік зерттеулер жүргізу және бизнес стратегиясын әзірлеу үшін дағдылар мен білімнің жоқтығын атап өтеді.

ДСҰ-ның Бас директоры мүше елдерді 13-ші министрлік конференциясының қорытынды құжатының ережелеріне енгізу үшін әйелдердің экономикалық құқықтарын кеңейту жөніндегі бастамаларды белсенді түрде ілгерілетуге шақырды.

БАӘ, Германия, Канада, Моңғолия, Вьетнам, Таиландтың Тұрақты өкілдері ДСҰ-ның болашақ келісімдеріне әйелдердің халықаралық саудадағы рөлі мен қатысуын нығайту туралы ережені енгізу арқылы сауда келіссөздеріндегі инклюзивтілік мәселелерін ілгерілетудегі Қазақстанның шешуші рөлін атап өтті.

Қорытындылай келе, ДСҰ Бас директоры Қазақстанға 12-ші министрлік конференциясының жұмысына сәтті төрағалық еткені үшін алғыс білдірді, оның қорытындысы бойынша ДСҰ-ға мүше елдер келісімдер мен шешімдердің бұрын-соңды болмаған санына қол жеткізді.