Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы Халықаралық электр байланысы одағының басшылығымен талқыланды

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы Халықаралық электр байланысы одағының басшылығымен талқыланды

Женева, 2023 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстанның ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжан Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартинмен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында сұхбаттасушы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында атап өтілген цифрландыру саласындағы елдің басымдықтары туралы хабардар етілді. Атап айтқанда, басты басымдықтардың бірі Қазақстанды IT-елге айналдыру болып табылатыны айтылды.

Осылайша, Қазақстан Президенті Үкімет алдына IT-қызметтердің экспортын ағымдағы жылы 500 миллион доллардан 2026 жылға қарай бір миллиард долларға дейін ұлғайту міндетін қойғаны және осы мақсатқа жету үшін жетекші шетелдік IT-компаниялармен стратегиялық әріптестік құру көзделіп отырғаны хабарланды.

Сонымен қатар, ҚР Тұрақты өкілі Мемлекет басшысының Қазақстанды жаһандық тұтынушыларға есептеу қуатын сату алаңына айналдыру туралы тапсырмасы туралы хабарлады. Мақсатқа жету үшін мемлекет ірі деректер орталықтарын салуға инвестициялар үшін тартымды жағдайлар мен жеңілдіктер жасауға дайын екені айтылды.

Сонымен қатар, Тұрақты өкіл Ж. Айтжан Қазақстанның 2023 жылғы 12-13 қазан аралығында Астанада өтетін Digital Bridge 2023 форумын ұйымдастыруға белсенді дайындалып жатқанын атап өтті. Бұл форумның Орталық Азиядағы технологиялар мен инновацияларға арналған ірі іс-шара болып табылатыны және цифрлық технологияларды дамыту мәселелері бойынша сарапшылардың пікір алмасуы үшін маңызды алаң ұсынатыны атап өтілді. Ағымдағы жылы форумның тақырыбы жасанды интеллект пен адами мүмкіндіктер арасындағы дұрыс өзара іс-қимылды зерттеу болады.

Тараптар, сондай-ақ, Govstack жобасы туралы келісімге қол қою және оны Орталық Азия өңірінде іске қосу үшін Бас хатшының Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырды. Бас хатшы үкіметтерге модульдерді стандарттауды қоса алғанда, цифрлық сервистерді құру үшін қажетті құралдарды ұсыну мақсатында Govstack жобасын Орталық Азияда іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, GovStack CIO digital Leaders Forum шеңберінде өзара коммуникация және электрондық мемлекеттік қызметтерді енгізу бойынша тәжірибе алмасу үшін цифрлық технологияларға өзгерістер енгізушілер үшін форумдар ұйымдастырады. Б ұл қазақстандық өнімдерді open-source форматында басқа елдерге ұсынуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, Ж. Айтжан Қазақстанның цифрлық үкімет саласындағы ілгерілеуін атап өтіп, қазіргі уақытта Қазақстанның БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде 28-ші орынды және Оңтүстік Корея, Эстония және Сингапур сияқты елдермен қатар цифрлық үкімет саласында "онлайн-қызметтер" кіші индексінде 8-ші орынды иеленетінін айтты. Осыған байланысты, Ж.Айтжан Қазақстанның Smart Bridge, Smart Data Ukimet, Egov mobile және Egov сияқты Қазақстанның цифрлық үкіметінің түрлі өнімдерінің тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді.

ҚР Тұрақты өкілі еліміздің одан әрі цифрлық трансформацияға дайындығын растап, ХЭО-мен ынтымақтастықты жалғастыруға өз үмітін білдірді.