Астанада ауыл шаруашылығы бойынша ДСҰ семинары өтті

Астанада ауыл шаруашылығы бойынша ДСҰ семинары өтті

Астана, 2023 жылғы 19-21 сәуір – Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі Дүниежүзілік сауда ұйымы сарапшыларының қатысуымен ауыл шаруашылығы бойынша үш күндік тақырыптық семинар ұйымдастырды.

Аталған тренингтің мақсаты ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан мамандарының мемлекеттік қолдау, азық-түлік қауіпсіздігі мүддесіндегі жедел қорлар, ауыл шаруашылығы тауарларының нарыққа қолжетімділігі, тарифтік квоталар мәселері және т. б. бойынша біліктілігін арттыру болып табылады.

Сонымен бірге, ДСҰ-ға кіру кезінде Қазақстан қабылдаған міндеттемелерге сәйкес ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау бойынша ДСҰ-ның тиісті нотификацияларын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Іс-шараға ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының өкілдері қатысады.