ДСҰ мүшелері Қазақстанның сауда рәсімдерін оңайлату саласындағы жүргізіп жатқан реформаларын жоғары бағалады

ДСҰ мүшелері Қазақстанның сауда рәсімдерін оңайлату саласындағы жүргізіп жатқан реформаларын жоғары бағалады

Женева, 2022 жылғы 28 қараша – ДСҰ сауда рәсімдерін оңайлату комитетінің отырысы барысында Қазақстан делегациясы ҚР-да Сауда рәсімдерін оңайлату бойынша озық сауда порталын іске асыру жөніндегі практикалық тәжірибені ұсынды.

ҚР өкілі өз сөзінде Ready4Trade жобасы шеңберінде Халықаралық сауда орталығы іске асырған және Еуропалық Одақ қаржыландыратын Қазақстанның сауда порталы барлық импорттық, экспорттық және транзиттік шарттылықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасын қоса алғанда, трансшекаралық сауда рәсімдері туралы толық ақпарат беретінін, бұл оны бизнес үшін қолжетімді ететінін атап өтті.

Қазақстан делегациясы сондай-ақ Сауда порталы микро, шағын және орта кәсіпорындарға сауда шарттылықтарын талдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл өз кезегінде, сыртқы сауданы жүргізуге кететін уақыт пен қаржылық шығындарды қысқартады және кәсіпкерлерге Қазақстанның халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, даму үшін елеулі ынталандырады.

Қазіргі уақытта озық платформа агроазық-түлік секторына баса назар аудара отырып, 50-ден астам шекаралық сауда тауарларын қамтиды.

ДСҰ Комитетінің төрағасы-Нигерия Елшісі А. Абдулхамид және Еуропалық Одақ, АҚШ, Жапония және басқа да елдердің өкілдері Сауда порталы бойынша Қазақстанның презентациясын жоғары бағалады. Олар Сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі ДСҰ келісімінің (СРОК) 3, 7 және 10-баптарын қоса алғанда, осы нормативтік актінің ережелерін алдын ала іске асырудағы жетістіктерін атап өтті.

СРОК – бұл жедел қозғалысқа, тауарларды шығару мен кедендік тазартуды жеңілдетуге, сондай-ақ ДСҰ-ға мүше елдердің кеден және басқа органдары арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға ықпал ететін алғашқы көпжақты келісім.