Құрметті қандастар!
Отандастар қоры қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2025 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!
Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі.
Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:
- Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;
- Жас ерекшелігі маңызды емес;
- Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;
- Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;
- Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.
Курстың артықшылықтары
- Тілді меңгеру мүмкіндігі;
- Тілдік орта қалыптастыру;
- Мәдениетпен танысу;
- Сертификат алу мүмкіндігі;
- Өз-өзіне сенімділік.
Неге дәл осы курс?
- Сізге арналған интерактивті сабақтар;
- Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар.
Курсқа тіркелу туралы ақпаратты https://oq.gov.kz/news/1220 веб-сайтында табуға болады.