
Вашингтон, 2024 жылғы 22 қазан - Республика күні қарсаңында Конгресс кітапханасында Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаевтың Қазақстанның мәдениеті, тарихы мен әдеби мұрасына арналған кітаптар жинағын сыйға тарту салтанатты рәсім өтті.
Іс-шараға «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Р.Кенжеханұлы, АҚШ-тың ҚР-дағы бұрынғы елшісі Р.Хогланд, «Oxus Society» ой-талқы орталығының президенті Э.Лэмон және Орталық Азия бойынша басқа да сарапшылар қатысты.
Е.Ашықбаев өз сөзінде кітаптар қашықтыққа қарамастан мәдениеттерді байланыстыратын көпір екенін атап өтті. «Бұл шығармалар қазақ мәдениетінің, тарихы мен әдебиетінің байлығын білдіреді. Олар Қазақстан мен оның дәстүрлері туралы көбірек білгісі келетін зерттеушілер мен оқырмандарды шабыттандырады деп үміттенеміз», - деді ол.
Берілген жинаққа белгілі қазақ жазушыларының еңбектері, сондай-ақ еліміздің әдет-ғұрпы мен мәдени мұрасын бейнелейтін кітаптар кіреді. АҚШ Конгресс кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана бола отырып, Орталық Азия зерттеушілеріне қол жетімді болатын бірегей материалдарды сақтайтын болады.
Рәсімнің маңызды бөлігі «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы әзірлеген алғашқы Қазақ-ағылшын Оксфорд сөздігінің тұсаукесері болды. Ұйымның президенті Р.Кенжеханұлы сөздік қазақ тілін үйренушілерге көмектесіп қана қоймай, оның жаһандық лингвистикалық қоғамдастыққа қосылуын қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл халықаралық аренада қазақ тілін насихаттау мен дамыту үшін маңызды қадам.
Конгресс кітапханасының өкілі Қазақстанға жомарт сыйы үшін алғыс білдіріп, бұл кітаптар Орталық Азия зерттеушілері үшін құнды дереккөз болатынын атап өтті. Жинақ халықаралық академиялық қоғамдастық арасында Қазақстан туралы білімді кеңейтуге ықпал ететін болады.