Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Джорджтаун университетінің магистранттары алдында дәріс оқыды

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Джорджтаун университетінің магистранттары алдында дәріс оқыды

Вашингтон, 2024 жылғы 11 қазан - Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадам болған атом электр стансасының құрылысы бойынша өткен республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев Джорджтаун университетінің магистранттары алдында дәріс оқыды.

Елші өз сөзінде референдум еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жолындағы маңызды қадамға айналғанына және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жаңа қоғамдық-саяси мәдениетті қалыптастырудың тағы бір үлгісі болып табылатынына назар аударды.

Е.Ашықбаев еліміздің атом қаруды таратпау, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және елдің атом энергетикасының негізгі аспектілері мәселесі бойынша Қазақстанның тарихымен бөлісіп, осы саланың орнықты даму және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атап өтті.

Ол Қазақстан әлемдегі ең ірі уран қорларына иесі және оның жетекші өндірушілердің бірі бола отырып, қауіпсіздік пен экология халықаралық стандарттарын сақтай отырып, өзінің атом саласын белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті.

«Дәстүрлі энергетикалық ресурстардың экономикалық тартымдылығына қарамастан, Қазақстан энергияны жауапкершілікпен пайдалануға ұмтылады және 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын қабылдады. Еліміз энергетикалық ресурстарды әртараптандыру саласында қауіпсіз және инновациялық шешімдерді ілгерілетуде әлемдік көшбасшы болуға дайын», - деді Елші.

Дәріс интерактивті қарым-қатынаспен аяқталып, оның барысында Джорджтаун университетінің студенттері мен оқытушылары Елшіге Қазақстанның энергетикалық саясаты, оның жаһандық экономикадағы рөлі және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды арттыру жоспарлары туралы сұрақтар қойды.