
АҚШ Ұлттық дауыл орталығының мәліметі бойынша, Мексика шығанағында күшейген Хелен (Helene) дауылы қауіптің 4-ші санатына жетті (желдің жылдамдығы сағатына 140 мильге дейін жетеді (сағатына 225 км)) және өз күшеюін жалғастыруда (5 категория бар). Болжам бойынша, дауыл жақын арада Флорида жағалауына жетеді. Жергілікті билігі дауылдың жолында тұрған адамдарды міндетті эвакуация туралы нұсқауларды орындауды сұрайды.
Хелен дауылымен бірге жауған нөсер жаңбыр Флорида штатының жағалауындағы аудандарына әсер етті. Джорджияда, Оңтүстік Каролинада, Солтүстік Каролинаның орталық және батысында және Теннесси штатының бір бөлігінде нөсер жауды.
Дауыл қаупі бар аймақтағы қазақстандықтармен байланысу үшін Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінде (Вашингтон қ.) тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі қызмет етеді: +1 202 595 6467, +1 626 251 6253.
Елшілік ураган орын алған аймақтар жергілікті билігінің нұсқауларын орындауды және шұғыл жәрдем қажет болған жағдайда Елшілікке жедел түрде хабарлауды сұрайды.