
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2024 жылғы 6 қазанда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі жанындағы №381 сайлау учаскесінде АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие және Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің республикалық референдумда дауыс беруге құқықтық негіз бар.
Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі жанындағы №381 сайлау учаскесіндегі дауыс беретін азаматтардың тізіміне АҚШ-та уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Америка Құрама Штаттарының аумақтарындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) referendum24DC@gmail.com электрондық мекенжайға «Республикалық референдум» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда № 381 учаскесінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: +1-202-232-5488 (ішкі нөмірлер 127, 121).