
Вашингтон, 2024 жылғы 24 шілде – Капитолий төбесінде «АҚШ тың Орталық Азиядағысаудасы мен инвестицияларының артуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараныамерикалық бизнес, сарапшылар қауымдастығы және АҚШ Конгресі өкілдерінің қатысуымен«International Tax and Investment Center» (ITIC) және «Center for International Private Enterprise» (CIPE) ҮЕҰ-лар ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына АҚШ Өкілдер палатасы Қазақстан-Америка кокусының тең төрағасы, Конгрессмен Джимми Панетта (демократ, Калифорния штаты) және АҚШ Конгресі Сыртқы істер комитетінің Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Орталық Азия бойынша кіші комитетінің және Хельсинки комиссиясының төрағасы Джо Уилсон (республикалық, Оңтүстік Каролина штаты) қатысты.
АҚШ заң шығару билігінің өкілдері Орталық Азиямен экономикалық байланыстардыодан әрі нығайтуға қолдау білдіріпөңірдегі әлауқат пен экономикалық тұрақтылық деңгейінарттыруға бағытталған бастамаларды іске асыруға жәрдемдесуге дайын екендіктерін растадыКонгрессмендер АҚШ пен ҚРсондайақ өңірдің басқа елдерімен Тұрақты қалыпты саудақатынастарын (PNTR) орнатуға шақырды
Өз кезегінде, Халықаралық және жеке кәсіпкерлік орталығының (CIPE) директоры Э.Хонц және Халықаралық сауда әкімшілігінің директоры Мэттью Эдвардс ҚР мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, Орталық Азияда америкалық бизнестің қатысуын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай бірге, қатысушылар Мемлекет басшысының жүргізіп жатқан экономикалық және демократиялық реформаларын жоғары бағалап, бұл олардың пікірінше, елдің де, жалпы өңірдің де дамуының жаңа векторын белгілеп, оның америкалық бизнес үшін тартымдылығын арттырғанын атап өтті
ҚР-дың АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаев халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылдың тиімді тетігі ретінде өзін ақтаған елдің көпвекторлы саясатқа стратегиялық міндеттемесін атап өтті. Ол Астана Батыс пен Шығыс арасындағы көпір бола отырып, барлық жаһандық ойыншылармен, оның ішінде еліміздің негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылатын Америка Құрама Штаттарымен прагматикалық және өзара тиімді қарым-қатынас орнататынын атап өтті.
Бұл тұрғыда Е.Ашықбаев АҚШ-пен маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы, IT технологиялар және т.б. салаларда әріптестікті арттыру перспективаларын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар Орталық Азияны нығайту мен дамытуға бағытталған уағдаластықтарды іске асыру кезінде тараптардың мүдделерін сақтау қажеттігін атап өтті.