Вашингтонда қазақстандық батырлардың 100 жылдығына орай жарыс өтті

Вашингтонда қазақстандық батырлардың 100 жылдығына орай жарыс өтті

Вашингтон, 2024 жылғы 18 мамыр- Америка Құрама Штаттарының астанасында Қазақстан тарихының екі көрнекті тұлғасы, Ұлы Отан соғысының батырлары – Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов пен Рейхстаг ғимаратында жеңіс туын көтерген бірінші офицер, лейтенант Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай жарыс өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі отандас батырларға құрмет көрсету ретінде ұйымдастырды. Жарысқа Елшілік қызметкерлерінің отбасы мүшелері, АҚШ-тағы қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары қатысты.

Қатысушылар осы атаулы мерейтойдың құрметіне «100 жыл» деген жазуды сызатын маршрут бойынша 5 км қашықтықты жүгіріп өтті.

Іс-шара батылдық істерге деген ризашылықтың белгісі ғана емес, сонымен қатар Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан халқының ынтымақтастығы мен бірлігінің символына айналды.