Қазақстан мен АҚШ арасындағы геология мен білім берудегі ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін белгілеу

Қазақстан мен АҚШ арасындағы геология мен білім берудегі ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін белгілеу

Денвер, 2024 жылғы 1 наурыз – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АҚШ-қа сапары аясында Колорадо штатының Денвер қаласына келіп, жетекші америкалық компаниялармен дөңгелек үстелге қатысып, Колорадо тау-кен мектебіне (Colorado School of Mines) барды.

АҚШ Геологиялық қызметімен (USGS), Колорадо тау-кен қауымдастығымен (Colorado Mining Association) және жетекші америкалық компаниялармен бірлесіп ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында геология және тау-кен саласындағы ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ екі елдің геологиялық қызметтері арасында қол қойылған Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру талқыланды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстандағы геологиялық жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін АҚШ тарапынан техникалық көмек және консультациялық қызметтер мәселелерін талқылады.

Колорадо тау-кен мектебінің (Colorado School of Mines) алаңында Қ.Шарлапаев жетекші қазақстандық университеттермен табысты ұзақ мерзімді жобалар және қос диплом бағдарламаларын әзірлеу туралы хабардар етті. Тараптар ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады және бірлескен білім беру бағдарламалары мен академиялық алмасуды іске қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Талқылау сонымен қатар ұлттық білім беру жүйесін дамытудағы және халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды даярлаудағы маңызды қадам болатын Атырауда жаңа STEM ағылшын тілді институтын құру тақырыбына тоқталды.

Сонымен қатар, сапар аясында Қ.Шарлапаев оқу орнының студенттерімен кездесу өткізіп, Қазақстанның кен орындарын игеру мен пайдаланудағы тәжірибесімен бөлісті, тау-кен өнеркәсібіндегі инновациялар мен орнықты тәсілдің маңыздылығын атап өтіп, барлау мен өндірудің жаңа технологиялары мен әдістерін дамыту үшін халықаралық білім беру және ғылыми ынтымақтастық мәселелерін талқылады.