Қазақстан мен АҚШ өнеркәсіп пен геологиядағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен АҚШ өнеркәсіп пен геологиядағы ынтымақтастықты нығайтуда

Вашингтон, 2024 жылғы 28-29 ақпан – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың АҚШ-қа жұмыс сапары өтті. Сапар бағдарламасы Вашингтон қаласында басталып, онда Министр америкалық бизнес және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізді.

Кездесулерде геология саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобаларды талқылауға ерекше назар аударылды.

Сапардың маңызды бөлігі АҚШ-тың қаржылық құрылымдарының өкілдерімен, соның ішінде Америкалық дамуды қаржыландыру корпорациясымен (DFC) кездесу болды. Кездесуде институционалдық өзара іс-қимыл мен сауда-экономикалық қатынастарды тереңдету мүмкіндіктері талқыланды.

АҚШ Сауда палатасында Қазақстан-америкалық Іскерлік кеңесінің мүшелерімен кездесу барысында талқылаулар экономикалық дамудың маңызды бағыттарына және екіжақты сауда көлемінің өзара ұлғаюын қамтыды. Министр инвестициялар мен технологиялық ынтымақтастық үшін негізгі бағыттарды атап өтті.

Сонымен қатар, сапар барысында АҚШ Геологиялық қызметімен (U. S. Geological Survey) Қазақстандық геологиялық зерттеулер мен әзірлемелердің тиімділігін арттыру мақсатында мекеменің озық технологиялары мен әдістемелерін пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.