Вашингтонда қазақстандық әртістердің концерті өтті

Вашингтонда қазақстандық әртістердің концерті өтті

Вашингтон қ., 2023 ж. 5 желтоқсан – Америкалық тур аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мен Polymetal компаниясының қолдауымен Вашингтонда қазақстандық әртістердің қатысуымен концерт өтті.

Іс-шараға АҚШ Ақ үйі, Мемлекеттік департаменті, Конгресі, америкалық бизнес және өнер өкілдері, дипломатиялық миссия басшылары мен қазақстандық диаспорасы қатысты.

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев құттықтау сөзінде бүгінгі концерт –Қазақстанның шекараны еңсеріп, әртүрлі тектегі адамдардың жүрегі мен жанына үндейтін қуатты құрал болған музыкалық дипломатияға деген адалдығының көрінісі екенін атап өтті. Ол Қазақстанның әлемдік аренаға әкелетін мәдени байлығын айта өтіп, елдеріміз арасындағы тереңірек байланыстарға ықпал етуге ұмтылатынымызды атап өтті.

Концертте «Тұран» этно-фольклорлық тобы, сопрано Әйгерім Алтынбек, баритон Расул Жармағамбетов, сондай-ақ концертмейстер Дина Мирманова өз туындыларымен өнер көрсетті. Әртістер америкалық тыңдаушылардың жүрегін ұлттық музыкалық аспаптарымызда виртуоздық ойнаумен және қазақ халық шығармашылығынан алынған композицияларды ерекше орындаумен жаулап алды.