
Вашингтон, 2023 жылғы 11 қараша – Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Е. Ашықбаевтың
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің басшылығымен кездесуі өтті. Оқу орны Аризона университетімен серіктестікте қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Оқу ағылшын тілінде келесі мамандықтар бойынша өтеді:
- Биотехнология;
- Басқарудағы ақпараттық жүйелер;
- Инклюзивті білім беру.
Енді Қазақстаннан шықпай-ақ америкалық диплом алудың бірегей мүмкіндігі бар. Университетте білім алу АҚШ-тың жоғары стандарттарына сәйкес келеді және әлемдік мүмкіндіктерге жол ашады.