
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі Қарағанды облысындағы шахтада орын алған өрт салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, бұл орны толмас ауыр қайғыларына ортақтаспыз. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тілейміз.
2023 жылғы 29 қазан Қарағанды облысындағы кеншілердің қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Елшілік 30 қазанда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Вашингтон қаласы, Колумбия ауданы, 1401 16th Street NW, Sherman House ғимаратында көңіл айту кітабын ашады. Көңіл айту хаттарын washington@mfa.kz электронды поштасына да жолдауға болады.