
Душанбе қ., 2023 жылғы 14 қыркүйек – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына жұмыс сапарымен келіп, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізіп, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V консультативтік кездесуіне қатысты.
Мемлекет басшысы өз сөзінде саммиттің, шын мәнінде, маңызды жиын болатынына, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын айқындайтынына сенім білдірді.
Президенттің айтуынша, Орталық Азия сауда, инвестиция, бизнес, ғылым және инновация салалары бойынша жаңа экономикалық мүмкіндіктер кеңістігіне айналады.
«Алдағы онжылдық біздің аймақ үшін шешуші кезең болуы мүмкін және бұл тарихи мүмкіндікті қаншалықты тиімді пайдаланатынымыз тек өзімізге байланысты. Бұл тұрғыда біздің экономикалық мүмкіндіктерімізді, әлеуетімізді барынша пайдалану басым міндет болып табылады», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.
Соңғы бес жылда өңірішілік тауар айналымы 80 пайыздан астам өсіп, 10,6 миллиард долларға жетті. Сонымен бірге, өзара тауар айналымын алдағы уақытта 15 миллиард долларға дейін жеткізу үшін мол мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарттың тез арада күшіне енуін қамтамасыз ету және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту маңызды екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, әріптестерін Қазақстанда өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне шақырды.
Сонымен қатар жиында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
Толығырақ akorda.kz