АҚШ-тың Cауда миссиясы Қазақстанға ресми сапармен келді

АҚШ-тың Cауда миссиясы Қазақстанға ресми сапармен келді

Астана қ. 7 маусым – АҚШ Сауда палатасы, Сауда министрлігі және Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі ұйымдастырған сертификатталған америкалық Cауда миссиясының Қазақстанға бірінші сапары өтіп, оған 20-дан астам америкалық ірі компаниялары, оның ішінде ExxonMobil, Boeing, GE, Baker Hughes, Citibank, Google, Microsoft, Apple және т.б. қатысты.

Бағдарлама аясында бизнес-делегация Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстел, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы, АХҚО ұйымдастырған Astana халықаралық форумына және Astana Finance Days іс-шараларына қатысып, G2B және B2B форматында кездесулер өткізді.

Миссияның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының төрағалығымен 2022 жылы Нью-Йоркте өткен Қазақстан-Америка дөңгелек үстелінің жалғасы ретінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы инвестициялық және сауда қатынастарын нығайту және күшейту болып табылады.

Дөңгелек үстел қатысушыларға қолданыстағы инвестициялық жобалардың дамуы мен энергетика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және цифрлық экономика сияқты салаларға елдегі инвестицияны арттыру перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.

Бизнес-делегация мүшелері ҚР Үкіметінің елде қолайлы инвестициялық ахуал құру жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалап, инвестициялық бастамаларды жүзеге асырудың әлеуетін ерекше атап өтті.

Сонымен бірге, қатысушылар өзара сауда өсімінің оң серпінін қанағаттанушылықпен атап өтті. Осылайша, 2022 жылға арналған тауар айналымы 3,05 миллиард долларды құрап, рекордтық көрсеткішке жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37%-ға жоғары. АҚШ-тың Қазақстанға жалпы ТШИ ағыны 2022 жылмен салыстырғанда 82%-ға өсіп, 5,1 млрд долларды құрады.

Өз тарапынан Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси америкалық компаниялардың қазақстандық нарықта қатысуын кеңейтуге терең қызығушылық танытты.

Сауда миссиясының ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин, Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, Энергетика министрі А.Сәтқалиев және Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашүкеевпен өткен кездесулерінде ҚР-дың инвестициялық ахуалды одан жақсарту шараларды талқылау басты назарға алынды.

АХҚО,  Astana Hub-қа сапармен қатар, АХҚО басқарушысы Р.Бектұровпен, Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаровпен және Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаевпен жеке келіссөздер жүргізілді.