Құрметті Отандастар!
2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауда дауыс беруге шақырамыз!
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстанның Вашингтон қаласындағы Елшілігінде, Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы және Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығында орналасқан сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағ. 07:00 – 20:00 аралығында дауыс бере алады. Сайлау учаскесіне келген кезде өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы паспортын алып келулеріңізді сұраймыз.
Сайлау учаскелерінің мекенжайлары:
№249 - ҚР Вашингтон қаласындағы Елшілігі - 1401 16th St NW, Washington, DC 20036
№250 - ҚР Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы - 535 5th Avenue, 19th floor New York, New York 10017
№413 - ҚР Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы - 456 Montgomery St., Suite 950 & GC-5, San Francisco, CA, 94104
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шет мемлекеттердің аумағында бір мандатты аумақтық сайлау округтерін құру көзделмеген. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жанында құрылған сайлау учаскелерінде дауыс беру Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдері бойынша ғана жүзеге асырылады.