2023 жылғы 19 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары
Қазақстанның Вашингтон қаласындағы Елшілігінде, Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдықта және Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдықта орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс бере алады.
Сайлау учаскесінің жұмысы
жергілікті уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында өтеді.
Сайлау учаскелерінің мекенжайлары:
№249 - Вашингтон қаласындағы Елшілігі - 1401 16th St NW, Washington, DC 20036
№250 - Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы - 535 5th Avenue, 19th floor New York, New York 10017
№413 - Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы - 456 Montgomery St., Suite 950 & GC-5, San Francisco, CA, 94104
Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болуы қажет. Сайлау туралы қосымша ақпаратты
ҚР Орталық сайлау комиссиясының сайтында табуға болады.
Сайлаушылар тізіміне ену үшін берілген
форманы толтыруларыңызды сұраймыз.