
Астана – «Сайлаушылардың жалпы саны – 11 950 485 адам. Ү.ж. 20 қарашаға белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына тіркелген сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызының резервін ескере отырып, сайлау бюллетеньдерінің саны 12 069 990-ды құрайды», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, 4 қарашадан бастап сайлаушылар жақын маңдағы сайлау учаскелерінде тіркелгенін тексеріп, басқасын таңдай алады.
Алты үміткердің аты-жөнінен бөлек, бюллетеньде «бәріне қарсы» нұсқасы да болады.
22 қыркүйектен бастап Орталық сайлау комиссиясы түрлі елдер мен халықаралық ұйымдардан 139 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.