ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2022 жылғы 20 қарашада (Вашингтон қ. уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі жанындағы №249 сайлау учаскесінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
Елшіліктің мекен-жайы: 1401 16-көше, Солтүстік-Батыс, Вашингтон қаласы, Колумбия округі, 20036
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған әрбір азаматының сайлауға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі жанындағы №249 сайлау учаскесінің тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын әрі Қазақстан Республикасының жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне қосу үшін Америка Құрама Штаттарының аумағында тұрып жатқан ҚР азаматына өз деректерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс деректері) (
consuldc@mfa.kz) электрондық поштаға «Сайлау» белгісімен алдын ала хабарлау ұсынылады, сондай-ақ сайлау күні өздеріңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы қажет.