Honeywell Қазақстанда цифрландыру және шоғырландыруды ілгерілету үшін жаңа құрастыру нысанын ашты

Honeywell Қазақстанда цифрландыру және шоғырландыруды ілгерілету үшін жаңа құрастыру нысанын ашты

Honeywell Алматыда Қазақстанның мұнай өңдеу, мұнай-химия, энергетика, тау-кен өнеркәсібі және басқа секторларындағы күрделі өнеркәсіптік зауыттар үшін жетілдірілген автоматтандыру және қауіпсіздік техникасы үшін жаңа құрастыру өндірісін ашты.

Жаңа кәсіпорын Honeywell компаниясының Қазақстандағы шоғырлануын кеңейту стратегиясының бөлігі ретінде күрделі өнеркәсіптік кәсіпорындардың автоматтандыруын, қауіпсіздігін және экономикалық тиімділігін арттыру үшін үлестірілген басқару жүйелері мен жедел тоқтату жүйелерін біріктіретін интеграцияланған басқару және қауіпсіздік жүйесін (ICSS) жасап шығарады.

Honeywell компаниясының Орталық Азиядағы, Түркиядағы және Израильдегі президенті, Уйгар Доюран: «Қазақстандағы ICSS технологиясын өндіруге арналған Алматыдағы біздің құрастыру алаңымыз елде өнеркәсіптік автоматтандырудың озық жүйелерін құру үшін отандық өндіріс қуатын кеңейтуге қосымша негіз береді. Бұл маңызды жаңалық Қазақстанның шоғырлану жоспарларын ілгерілетуді ұстанатынымызды көрсетеді және елдің мұнай-химия, мұнай және газ салаларындағы автоматтандыру мен маңызды қауіпсіздік технологияларына жылдам және оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді».

Бірнеше жыл бойы Honeywell Қазақстанда Safety Integrity Level 3 (SIL3) стандартына сәйкес ICSS шкафтарының өндірісін шоғырландыру жобасымен жұмыс істеп келеді. Жаңа нысан қауіпсіздік пен тиімділіктің жоғары дәрежесінде нақты уақыт режимінде автоматтандырылған үрдісті басқаруды жүзеге асыратын автоматтандырылған басқару жүйесінің бөлігі болып табылатын қашықтағы терминалды (RTU) құрастыру желілерін қамтиды.

Сонымен қатар бұл алаң тапсырыс беруші қабылдау алдында дайын RTU-ларды сынау және тексеру үшін, сондай-ақ Honeywell-дың қазақстандық қызметкерлері орындайтын жоспарлау, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және құжаттамалық жұмыстарды орындау үшін біріктірілген зауыттық қабылдау сынақтарымен (IFAT) қамтамасыз етеді.

Honeywell компаниясы Қазақстанда жиырма жылдан астам уақыт бойы нақты түрде жұмыс істеп, 40 жылдан аса уақыт бойы елдің мұнай-газ саласына қолдау көрсетіп, газды өндіру және өңдеу, тасымалдау және мұнайды терең өңдеу саласындағы озық технологияларды қамтамасыз етіп келеді.

Бүгінгі таңда Honeywell-дың тұтынушылар портфелінде көптеген ірі қазақстандық кәсіпорындар бар, компания оларды өнеркәсіптік автоматтандыру және қауіпсіздік шешімдерімен, басқару және үрдістерді оңтайландырудың озық технологияларымен және зауытты автоматтандыру жүйелерімен қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптік сектордың тұтынушылары арасында «Теңізшевройл» (ТШО), «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» (КПО), «ҚазМұнайГаз», «North Caspian Operating Company», ERG және KAZ Minerals бар.

Honeywell туралы

Honeywell корпорациясы (www.honeywell.com) - өнеркәсіптік технологияларды әзірлеуші ​​және Fortune журналы құрастырған әлемдегі жетекші 100 компанияның бірі. Корпорация әлем бойынша тұтынушыларға аэроғарыш, арнайы материалдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғимараттардағы басқару жүйелері сияқты салалардағы өнімдер мен қызметтерді ұсынады. Біз жеткізу тізбегі мен жұмыс күшінің тиімділігін арттыру үшін авиацияға, өндірістік кәсіпорындар мен ғимараттарға озық ақпараттық технологияларды енгізуге көмектесеміз. Біздің мақсатымыз – әлемді ақылды, қауіпсіз және энергияны тиімді пайдаланатын жерге айналдыру. Honeywell корпорациясы туралы жаңалықтар мен қосымша ақпаратты www.honeywell.com/newsroom сайтынан табуға болады.

Ақпарат көзі: https://invest.gov.kz/kz/media-center/press-releases/honeywell-otkryvaet-novoe-sborochnoe-predpriyatie-dlya-dlya-prodvizheniya-tsifrovizatsii-i-lokalizats/