ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2022 жылғы 5 маусымда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі жанындағы №249 дауыс беруге арналған ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Елшіліктің мекен-жайы: 1401 16-көше, Солтүстік-Батыс, Вашингтон қаласы, Колумбия округі, 20036
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Сіздің аты-жөніңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.
Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі жанындағы №249 дауыс беруге арналған учаскесінің тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін Америка Құрама Штаттарының аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) (consuldc@mfa.kz) электрондық поштаға «Референдум» белгісімен алдын ала жіберу қажет және сайлау күні өздеріңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының https://www.election.gov.kz/rus/. веб-сайтында табуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
+1-202-232-5488 (ішкі нөмірлер 121, 127).