ҚР Сыртқы істер министрі орынбасары А.Рахметуллиннің АҚШ-қа сапарының екінші күні

ҚР Сыртқы істер министрі орынбасары А.Рахметуллиннің АҚШ-қа сапарының екінші күні

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин сапарының екінші күні аясында АҚШ Мемлекеттік департаменті, Сауда палатасы, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, адам құқықтарын қорғау құрылымдары мен ой-талқы орталықтарының өкілдерімен кездесулер өтті.

Келіссөздер барысында қазақстандық дипломат Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар тақырыбына ерекше назар аударды. Америкалық серіктестер, өз кезегінде, қазақстандық тараптың демократиялық реформаларды жалғастыру жөніндегі міндеттемесін жоғары бағалады.

ҮЕҰ өкілдері мемлекеттің қаңтар оқиғаларын тергеуде процесінің ашықтылығын қамтамасыз етуге және реформаларды тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін азаматтық қоғаммен сындарлы өзара іс-қимылға әзірлігін құптады.

А.Рахметуллин Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы басшысының орынбасары ретінде «LYNC» ҮЕҰ президенті Уэйд Кьюсак, Өркениеттер алмасу және ынтымақтастық қорының президенті Имам Мохамад Арафат пен Еуразия еврей қауымдастығын қолдау ұлттық коалициясының атқарушы директоры Марк Левинмен кездесулер өткізіп, оның барысында этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін талқылап, қыркүйекке жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне шақыру қағаздарын тапсырды.