
Ү.ж. 8 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің жұмыс сапары басталды.
Ақ үй, АҚШ Конгресі, Мемлекеттік департамент және USAID ұйымының ресми тұлғаларымен кездесулер барысында екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымы, оның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, жаһандық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды арттыру келешегі, сондай-ақ «C5+1» диалогы шеңберінде аймақтық ынтымақтастықты нығайту талқыланды.
Америкалық тарап ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформалар курсын қолдайтынын білдіріп, Қазақстан билігінің қайғылы қаңтар оқиғаларын ашық және жан-жақты тергеуді қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан шараларын құптады.
АҚШ конгрессмендерімен келіссөздер барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және сапар алмасу арқылы байланыстарды жандандыруға келісті.
ҮЕҰ өкілдерімен кездесуде қазақстандық дипломат орын алған жағдайды тергеу барысында ҚР Үкіметінің заң үстемдігін сақтайтынын атап өтті.
«Боинг» компаниясының басшылығымен кездесу барысында қол қойылған «Ашық аспан» келісімі аясында ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.