Вашингтон, 2022 жылғы 2 ақпан - Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу және Мемлекеттік хатшының Демократия, адам құқықтары және еңбек жөніндегі көмекшісінің орынбасары Кара Макдональдпен кездесті.
Америкалық дипломаттар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар курсын, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі бірінші кезектегі мәселелерді шешуді қолдайтынын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан басшылығының қаңтардағы қайғылы оқиғаларды ашық және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шараларын құптады.
Америкалық әріптестерге конституциялық институттарды қолдағаны үшін алғыс білдіре отырып, қазақстандық дипломат ҚР Үкіметі тергеудің бейтараптығы, заңның үстемдігі мен адам құқықтарын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның азаматтық қоғам мен халықаралық серіктестермен сындарлы диалог құру үшін кешенді шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
Мемлекеттік хатшының көмекшісі Д.Лу, өз кезегінде, Президент Дж.Байден Әкімшілігінің екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділігін атап өтіп, жоспарланған реформаларды жүзеге асыруда АҚШ-тың практикалық көмек көрсетуге ниетті екенін атап өтті.