Вашингтонда Қазақстан-Америка қарым-қатынастарының 30 жылдығына арналған Конвенция өтті

Вашингтонда Қазақстан-Америка қарым-қатынастарының 30 жылдығына арналған Конвенция өтті

Вашингтонда Қазақстан-Америка қарым-қатынасының 30 жылдығына арналған Конвенция өтті

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қарым-қатынастың 30 жылдығына орай Елшілік саясат, экономика және қауіпсіздік тақырыптарына арналған үш сессиядан тұратын Конвенцияны ұйымдастырды.

Іс-шараға Дж.Байден Әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілдері, АҚШ-тың іскерлік және сарапшылық топтары, сондай-ақ жетекші америкалық компаниялар қатысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өзінің құттықтау бейнеүндеуінде: «Тұңғыш Президент –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі және халықтың қажырлы еңбегімен мен табандылығы жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Вашингтонның сенімді стратегиялық серіктесі болып табылатын қазіргі заманғы Қазақстанды құруға мүмкіндік берді.

Форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Мемлекет басшысының сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ гуманитарлық өлшем және адам құқықтары саласында бірлесіп әрекет жасауға деген берік ұстанымын ерекше атап өтті. «АҚШ-тың қазіргі Президент әкімшілігінің саясатымен көптеген ортақтастығы бар Америка Құрама Штаттарының сенімді серіктестері болып қала береміз», - деді арнаулы өкіл.

Экономикалық сессияның жұмысы климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күрес жағдайында қазақстандық экономиканы әртараптандыру, шикізаттық емес экспортты кеңейту және жасыл технологияларды дамыту мәселелері бойынша жанданған пікірталас өтті.

Талқылау барысында сарапшылар ел басшылығының стратегиялық көзқарасы, саяси тұрақтылық, тұрақты экономикалық өсім Қазақстанды дәстүрлі және жаңартылатын энергия ресурстары, көлік және ауыл шаруашылығы саласындағы шетелдік инвестициялар үшін тартымды мемлекетке айналдырады деген ортақ пікірге келді.

Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық сессиясының спикерлері Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру, ядролық қаруды және жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрлерін қарусыздандыру және таратпауды қоса алғанда, аймақтық және жаһандық сын-қатерлерді шешудегі Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің маңыздылығын талқылады. Қатысушылар соғыс қимылдары аймақтарынан өз азаматтарын репатриациялау және реинтеграциялау, сондай-ақ терроризм мен экстремизм қаупіне қарсы тұрудағы Қазақстанның бірегей бітімгершілік әлеуетін құптады.

Іс-шара аясында Орталық Азия және Кавказ Институты профессорлары Ф.Старр және С.Корнеллдың «Strong and Unique: three Decades of US-Kazakhstan Partnership» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітап Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап екіжақты қарым-қатынастардың даму тарихын қамтитын алғашқы кешенді зерттеу еңбегі болып табылады.