Құрметті отандастар!
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ақпаратына сәйкес, 2021 жылғы 8 қарашадан бастап АҚШ-қа келетін шетелдік саяхатшылардан АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасы бойынша санитарлық қадағалау басқарамасы (US FDA) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен төтенше жағдайларда қолдануға расталған вакциналармен толық вакцинацияланғандығын растайтын сертификат (паспорт) және ПТР тесттің қорытындыларын көрсетуді талап ететіндігін хабарлаймыз.
Қазіргі таңда, аталған вакциналар тізіміне Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson & Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac кіреді.
Аталған сертификаттар (паспорттар) вакцинацияға жауапты мемлекеттік органмен бекітілген нұсқа бойынша ресімделуі қажет. Аталған құжаттардың түпнұсқасы АҚШ-қа ұшуға дейін тіркелу кезінде әуекомпаниялардың қызметкерлерімен тексерілетін болады.
АҚШ-қа ұшуға дейін «Janssen/J&J» вакцинаның бір реттік дозасы немесе жоғарыда аталған басқа вакциналардың екінші дозасынан кейін 14 күн өтуі қажет. Басқа жағдайларда саяхатшылар АҚШ-қа ұшуға тіркелмейтін болады.
Вакцинация сертификатын (паспортын) көрсету талабынан АҚШ-қа келетін ресми делегация мүшелері босатылатынын атап өткен жөн деп санаймыз, оның ішінде:
Жоғарыда аталған тұлғалар АҚШ-қа ұшуға дейін ПТР-тесттің қорытындыларын көрсетуі қажет.