Вашингтонда қазақстандық-америкалық парламентаралық ынтымақтастығы талқыланды

Вашингтонда қазақстандық-америкалық парламентаралық ынтымақтастығы талқыланды

2021 жылғы 28-29 шілдеде Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Конгресінің мүшелері Кэрол Миллер мен Даг Ламборнмен кездесті. Олардың барысында адам құқықтары, климат, жасыл энергетика, тау-кен өнеркәсібі, білім беру және интеллектуалды технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

АҚШ заңнамашылары Джексон-Веник түзетуін алып тастау және тұрақты қалыпты сауда қатынастарын құру туралы заң жобасын қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар, тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын, оның ішінде АҚШ Конгресінде Қазақстанның Достар тобының (Кокус) мүшелігін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.