Вашингтонда виртуалды қазақстандық-америкалық бизнес форум басталды

Вашингтонда виртуалды қазақстандық-америкалық бизнес форум басталды

Бүгін 2021 жылы 14-15 маусымда екі күн бойы виртуалды форматта өтетін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен АҚШ Сауда  палатасының қолдауымен Қазақстан-АҚШ арасында сауда-экономикалық қатынастарға 30 жыл» атты Қазақстан-Америка бизнес форумы өз жұмысын бастады.

300-ге жуық қатысушыларды біріктірген Форум бағдарламасы панелдік сессия мен интерактивті пікірталас форматында ауыл шаруашылығы, энергетика, жасыл және цифрлық технологияларды дамытуға арналған салалық сессиялардың жұмысы шеңберінде спикерлердің сөз сөйлеуін қарастырады.

Форумның ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді, АҚШ Мемлекеттік хатшысы орынбасарының м.а. М.Берникат, АҚШ Сауда палатасының басшысы С.Кларк, «Шеврон» компаниясының басқарма төрағасы және президенті М.Вирт қатысты.

Өзінің сөзінде М.Тілеуберді Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қол жеткізілген деңгейін және соңғы 30 жыл ішінде Қазақстанға тартылған американдық инвестициялардың едәуір көлемін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі Қазақстанның АҚШ-пен серіктестік қатынастарға деген ұмтылысын растап, Форум сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Қазақстан-АҚШ іскерлік кеңесін басқаратын «Шеврон» компаниясының басшысы М.Вирт «Теңізшевройл» аясындағы табысты энергетикалық серіктестік пен ынтымақтастықтың 20 жылында құрылған констуктивті диалогты атап өтті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы орынбасарының м.а. М.Берникат өз сөзінде Қазақстанның Орталық Азиядағы аймақтық көшбасшылығына тоқталып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев бастаған іскерлік ахуалды жақсартуға, жаңа перспективаларға бағытталған реформалардың маңыздылығын, сондай-ақ  Байден-Харрис әкімшілігінің климаттық күн тәртібі, Valmont Industries және Tyson Foods жобаларының инвестициялық мүмкіндіктері шеңберіндегі ынтымақтастықты атап өтті.

«АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық: пандемиядан кейінгі әлемдегі жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» пленарлық сессиясына Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы - АХҚО меңгерушісі Қ.Келімбетов, ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов, АҚШ  Сауда өкілінің орынбасары К.Уилсон, UPS қоғаммен байланыс жөніндегі президенті П.Наас, «KAZAKH INVEST» АҚ басқарма төрағасы М.Юсупов және «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы А.Мырзахметов қатысты.

Атап айтқанда, Қ.Келімбетов АХҚО қызметі, стратегиялық инвестициялық келісімнің жаңа тетігі және басым бағыттардың бірі ретінде жаңартылатын энергия көздері туралы баяндап берді.

АҚШ Сауда өкілінің орынбасары К.Вилсон өзінің экономикасының көлеміне ғана емес, сонымен қатар қазақстандық сарапшылардың дайындық деңгейіне байланысты қол жеткізілген Сауда және инвестициялық негіздемелік келісімдегі (TIFA) Қазақстанның жетекші рөлі туралы пікірімен бөлісті. К.Вилсон зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласында Қазақстанның қол жеткізген үлкен жетістіктерін атап өтті.

UPS Қоғаммен байланыс жөніндегі президенті П.Наас өз сөзінде электронды коммерция, қазақстандық ШОБ дамыту және қазақстандық серіктестермен әйелдердің экономикалық құқықтарын кеңейту саласындағы ынтымақтастық перспективаларын атап өтті.

Пленарлық отырыстың соңында «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы А.Мырзахметов отандық және шетелдік кәсіпкерлікті дамыту бойынша қазақстандық сауда палатасының қызметімен таныстырды.

Аймақтық деңгейде белсенді дамып жатқан инвестициялық бағыттың иллюстрациялық мысалы ретінде Түркістан облысының тұсаукесері болды, онымен облыс әкімі Ө.Шөкеев таныстырды.

Жалпы отырыстың нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Е.Қазыхан қорытындылады.

Форумның бірінші күні Қазақстанның аграрлық индустриясын дамытуға арналған «Ауыл шаруашылығы және тамақ өндірісі» атты арнайы сессия да өтті.

Сессияны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров пен АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі Шетелдік ауыл шаруашылық қызметі әкімшісінің орынбасары К.Гамильтон құттықтау сөзімен ашты. Сондай-ақ, талқылауға Valmont Industries компаниясының президенті және бас атқарушы директоры С.Каневски, Tyson Foods халықаралық бизнестің президенті К.Ланхольц, Coca Cola Icecek Kazakhstan бас директоры Э.Гюзель және Орталық Еуразияда, Беларусь және Түркия бойынша Mars Wrigley бас директоры М.Базанов қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту және ет өнімдерін өндіру перспективалары, суармалы жерлердің мелиоративті жағдайын жақсарту, Valmont Industries, Tyson Foods және Kusto Group бірлескен жобасын жүзеге асыру кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану талқыланды. Сонымен қатар, «Бәйтерек» ҰБХ »АҚ ұсынған саланы мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары оң бағаланды.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша «Атамекен» мен АҚШ Сауда палатасы арасында өзара ақпарат алмасуға, екіжақты сапарларға және ұйымдардың коммерциялық қызметі мәселелерін талқылауға арналған бірлескен іс-шараларға ықпал ететін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.