Ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық

Ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық

2021 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев «Ядролық қатер туралы бастама» (NTI) атты үкіметтік емес ұйымның Вице-президенті Лора Холгейтпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ядролық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін нығайту, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелерін және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Халықаралық биологиялық қауіпсіздкік агентігін құру туралы басатамасын талқылады.

NTI Вице-президенті Қазақстанның әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке қосқан үлесін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық алға басады деп үміт артты.