
2021 жылғы 10 маусымда Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық діни бостандық басқармасының басшысы Даниэль Надельмен кездесті.
Кездесу барысында Е.Ашықбаев діни бостандықты қорғау саласындағы соңғы реформалар мен жетістіктер, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл, діни заңнамаға жоспарланған түзетулер, сондай-ақ алдағы Діни бостандығы жөніндегі Сарапшылар жұмыс тобының отырысы туралы ақпаратандырды.
Мемлекеттік департаменттің өкілі Қазақстанның адам құқығы мен діни сенім бостандығы саласындағы соңғы жетістіктерін жоғары бағалап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жалғасуы мен нығаюына үміт артты.