
2021 жылғы 8 маусымда «1930 жылдардағы Қазақстандағы Ашаршылықты еске алу» атты онлайн дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Вашингтондағы Қазақстанның Елшілігі Джордж Вашингтон университетіндегі жанындағы Орталық Азия бағдарламасымен бірлесе ұйымдастырды.
Іс-шараға «Аштық жайлаған дала, зорлық-зомбылық пен кеңестік Қазақстанның құрылуы» кітабының авторы Сара Кэмерон, Джордж Вашингтон университеті жанындағы Еуропалық, Ресейлік және Еуразиялық зерттеулер институтының (IERES) директоры Питер Роллберг, саясаттанушы және «Тәуекелдерді бағалау тобының» директоры Досым Сатпаев және IERES GWU директоры Марлен Ларуэль (модератор) қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Қазақстанның Вашингтондағы Елшісі Ержан Ашықбаев Қазақстан тарихындағы қайғылы оқиға туралы айтып, Ашаршылық тақырыбын саясиландырмай, мемлекеттің оны тек ғылыми және тарихи тұрғыдан зерттейтініне ерекше тоқталды.
Ашаршылықтың себептері мен салдарын сипаттай отырып, С.Кэмерон бұл оқиғаларды зерттеуге қазақ тіліндегі материалдарды қолданып, мүмкіндігінше әділ баға бергенін, сонымен бірге іс-шара тақырыбына қызығушылықтың артып келе жатқанын және оны АҚШ-та осындай іс-шара аясында алғашқы рет талқыланып отырғанын атап өтті.
Өз кезегінде Д.Сатпаев мәдени-ағарту қорының қатысуымен С.Кэмерон кітабының қазақ тілінде жарық көруі Қазақстанның жас ұрпағына аталған оқиғаны сипаттауға үлес қосатыны туралы айтып кетті.