Елші АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Сыртқы ауыл шаруашылық қызметі администраторының м.а. кездесті

Елші АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Сыртқы ауыл шаруашылық қызметі администраторының м.а. кездесті

2021 жылғы 8 маусымда Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев  АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Сыртқы ауыл шаруашылық қызметі администраторының м.а. Д.Уитлимен кездесті.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі деңгейі мен америкалық «Valmont Industries» және «Tyson Foods» компанияларымен инвестициялық жобалардың алдағы перспективалары туралы конструктивті диалогы орын алды.

Сонымен қатар, ветеринария мен фитосанитария нормаларының мәселелері, ғылыми зерттеулер, фермерлерді даярлау саласында ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердің арасында өзара іс-қимыл мүмкіндіктері, сондай-ақ агроиндустрида климаттың өзгеруіне қарсы күрес жүргізу бойынша бірлескен қызметі талқыланды.