
2021 жылғы 7 маусымда Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Конгресмені, АҚШ Өкілдер палатасындағы Орталық Азия, Қаруды таратпау және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы кіші комитеттің мүшесі Тим Бурчеттпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде ядролық қаруды таратпау, өңірлік қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқылады.
Конгрессмен екіжақты ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, Қазақстанға баруға қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.