
2021 жылғы 11 мамырда Қазақстанда діни сенім бостандығын алға тартуға және конфессияаралық өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды өткізуге дайындықты талқылау үшін ҚР-дың АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаевтың Love Your Neighbor Community (LYNC) Президенті Уэйд Кюсакпен кездесуі өтті.
Е.Ашықбаев LYNC өткізетін дөңгелек үстелдер Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен діндер арасындағы өзара құрметті үлгі етіп насихаттайтынына сенімін білдіре отырып, өзінің осы орайда іс-шараларды өткізуге қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
У.Кюсак жүзеге асқалы тұрған жобаның түрлі конфессия өкілдерінің бір-біріне қатысты дінаралық диалог пен шыдамдылықты жаһандық тұрғыдан ілгерілетуге бағытталғанын және Қазақстанның конфессияаралық келісімді насихаттаудың табыстылығы мен келешегінің жарқын үлгісі бола алатынын хабарлады.