Еуразиядағы еврей қауымдастықтарының қызметі туралы

Еуразиядағы еврей қауымдастықтарының қызметі туралы

2021 жылғы 26 мамырда ҚР-дың АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев Еуразиядағы еврей қауымдастығын қолдау жөніндегі Ұлттық коалиция өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстандағы еврей бірлестікерінің діни, мәдени және білім беру бағыттарындағы жетістіктері, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Бұған қоса Қазақстанда тұратын еврей қауымдастықтарының оң тәжірибесі және ҚР-да этникалық немесе діни қағидат бойынша қандай да бір кемсітушіліктің болмауы туралы ақпаратты, АҚШ-тағы мүдделі топтарға жеткізудің маңыздылығын аталып өтілді.