
2021 жылғы 18 мамырда ҚР-дың АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев жергілікті және халықаралық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Халықаралық діни бостандық жөнінде дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты. Бұл іс-шара әр ай сайын жергілікті азаматтық белсенділердің жетекшілігімен тәжірибе және ақпарат алмасу үшін, сондай-ақ Чатем-Хаус (Chatem House Rule) форматында ұйымдастырылады.
Е.Ашықбаев іс-шараға қатысушыларға ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен қабылданған саяси реформалардың негізгі мазмұнын жеткізіп, діни бірлестіктерді тіркеу, діни сараптама жүргізу, діни жиналыстарды өткізуді жеңілдету, сондай-ақ діни нанымдарына қарамастан барлық азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы ҚР заңнамасына көзделген түзетулер жайлы хабардар етті.
Сонымен қатар, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысына және Қазақстандық дінаралық диалог пен толеранттылықтың үлгісіне ерекше мән беріп өтті.
Бірқатар қатысушылар Қазақстандық тәжірибеге оң баға беріп, жүргізіліп жатқан реформалар мен ҚР-дың заңнамасына күтілетін түзетулерді қосымша зерделеуге қызығушылық білдірді.
Во время своего выступления Е.Ашикбаев довел до слушателей основные нормы политических реформ, инициированных Президентом РК К.Токаевым и информировал о планируемых в текущем году поправках в законодательство РК, нацеленных на упрощение регистрации религиозных объединений, проведения религиозных собраний, а также обеспечения равных прав всех граждан вне зависимости от религиозных убеждений.
Кроме того, отдельно остановился на работе Съезда лидеров мировых и традиционных религий и казахстанской модели межрелигиозного диалога и толерантности.
Ряд участников, положительно отозвались о казахстанском опыте и выразили заинтересованность в дополнительном изучении проводимых реформ и ожидаемых поправках в законодательство РК.