
2021 жылғы 3 маусымда Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаев АҚШ Мемлекеттік департаментінің Шетелдік миссиялар кеңсесі директорының міндетін атқарушысы К.Сигроувзпен телефондық сұхбат өткізді.
Сұхбат барысында тараптар қазіргі ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, аккредиттеуге және Қазақстан мен АҚШ-тағы дипломатиялық өкілдіктерге өзара көмек көрсетуге байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.