Қазақстандық конфессияаралық диалог пен толеранттықтың үлгісін ілгерілету

Қазақстандық конфессияаралық диалог пен толеранттықтың үлгісін ілгерілету

2021 жылғы 5 мамырда ҚР-дың АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев Ислам мемлекеттеріндегі раввиндер Альянсының Төрағасы равин Менди Хитрикпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар дінаралық диалогты ілгерілету бойынша қазақстандық тәжірибені және әр түрлі этнос пен мәдениеттер өкілдері арасындағы өзара сыйластықты нығайту мақсатында өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты қызу талқыға салды.

Атап айтқанда, М.Хитрик «Қазақстанның түрлі мәдениеттер мен конфессиялардың бейбіт өмір сүру жөніндегі тәжірибеге жоғары баға беріп, бұны өзге мемлекеттерге таптырмас үлгі бола алатынын» айтып өткен болатын. Өз кезегінде Е.Ашықбаев «көпвекторлы сыртқы саясат Қазақстандық моделі шетелде ілгерілету жетістігінің кепілі» деген ойды тұжырамдады.