
Бүгін Қазақстан Республикасының Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Сауда министрлігінің Еуропа және Еуразия мәселелері жөніндегі хатшы көмекшісінің орынбасары Дэвид Де Фалкомен кездесті.
Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ әлеуетті әріптестіктің жаңа салаларын талқылады. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 14-15 маусымда АҚШ Сауда Палатасымен әріптестікте өтетін Қазақстан - Америка Сауда және инвестиция форумына, сондай-ақ АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі топтың аралық отырысына дайындық мәселелері қозғалды.