«Caspian Policy Center» басшылығымен кездесу өтті

«Caspian Policy Center» басшылығымен кездесу өтті

2021 жылғы 28 мамырда ҚР-дың АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаев «Каспий саяси орталығы» (The Caspian Policy Center-CPC) Бас директоры Эфган Нифти мен АҚШ-тың Қазақстандағы бұрыңғы елшісі, СРС кеңесінің мүшесі Елші Ричард Э.Хогландмен кездесу өткізді.

Тараптар Елшілік пен «Каспий саяси орталығы» арасында ынтымақтастықтың перспективалар және СРС делегациясының Қазақстанға жоспарланған сапарын талқылады.

СРС өкілдері Нұр-Сұлтанға, Алматыға және Түркістанға сапардың мақсаты елдің пандемиядан кейінгі қайта құру стратегиясының жүзеге асырылуын, сондай-ақ АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын тереңірек зерттеу болып табылатынын атап өтті.