АҚШ -тағы қазақ диаспорасының өкілдерімен виртуалды кездесу өтті

АҚШ -тағы қазақ диаспорасының өкілдерімен  виртуалды кездесу өтті

2021 жылғы 28 мамырда ҚР-дың АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаевтың АҚШ-тағы қазақ диаспорасы өкілдерімен виртуалды кездесуі өтті.

Сұхбат барысында консулдық, мәдени және ағартушылық бағыттар бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. ҚР Елшісі Қазақстанның Тәуелсіздік күнінің және Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 30 жылдығымен құттықтады.

Шет елде қазақ тілі, мәдениет пен ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Е.Ашықбаев сұхбаттаушыларды 2021 жылғы 9-21 маусым аралығында АҚШ-тың қалаларында өтетін «Қазақтың ән-күйлер антологиясы» жобасының онлайн тұсаукесеріне шақырды.

Қазақ диаспорасының өкілдері өздерінің бастамалары мен құрған ағарту орталықтары туралы ақпаратпен бөлісті.