
2021 жылғы 10 мамырда Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаевтың «Valmont Industries» компаниясының Президенті мен Бас атқарушы директоры Стивен Каневски және Вице-президенті мен «Valley Irrigation» бөлімшесінің бас директоры Джошуа Диксонмен виртуалды кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанда демонстрациялық фермалар желісін құру және ауыл шаруашылығы дақылдарын суару мен олардың түсімділігін басқарудың заманауи жүйелерін шығаратын зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобасын іске асырудың түрлі аспектілері талқылады.
Елші Қазақстанның ауыл шаруашылығы мүмкіндіктерін дамытуға қызығушылығы мен қазақстандық бастамаларына тұрақты қолдау, сондай-ақ Дж.Диксонның ҚР Құрметті консулы ретінде атқарып жүрген белсенді қызметі үшін алғыс білдірді.