
2021 жылғы 26 мамырда ҚР-дың АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаев АҚШ-тың Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросы Мемлекеттік хатшының көмекші орынбасарының міндетін артқарушы Мэтью Луссенхоппен виртуалды кездесу өткізді.
Тараптар білім және мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларына қатысты пікір алмасты. Е.Ашықбаев екі елдің ғылыми және білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын, сондай-ақ жоғары технологиялық өндірістерде мамандар даярлаудың бірлескен бағдарламаларын одан әрі дамыту қажеттілігін атап өтті.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар Қазақстанға үштілділік саясатты жүзеге асыруда көмек көрсету мәселелерін, сондай-ақ американдық мамандардың қатысуымен мектеп оқушыларына және мұғалімдерге ағылшын тілін оқытып, үйрету бойынша бағдарламаларды талқылады.