
2021 жылғы 20 мамырда Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаевтың «Tyson Foods» компаниясының Халықаралық бизнесі жөніндегі президенті Крис Ланхолцпен, Дүниежүзілік үкіметтік істер жөніндегі бас вице-президенті Дэн Тёртонмен және Халықаралық корпоративті істер жөніндегі бас директоры Тод Меноттимен виртуалды кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанда заманауи агро-мультипротеин өндірісін дамытуға қатысу қағидаларытуралы инвестициялық келісімде келісу процесіне қатысты ұстанымдарын салыстырды.
Сонымен қатар, сұхбаттанушылар Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің арасында экологиялық орнықты, инклюзивті және бәсекеге қабілетті мал еті өндірісінің дамуын қолдайтын Нәтижеге бағдарланған мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасы бойынша қарыз туралы келісімге қол қойылғанын құптады.